Қызу және суыну үдерістерін сен күнде көресің. Ыстық шай ішу үшін шәйнекті қыздыру қажет. Қыздыру кезінде шәйнек пен оның ішіндегі су энергия алады, яғни қызады. Шыныға құйғаннан кейін, шайдың өте ыстық екенін сезсең, аздап суы-ту, яғни салқындау үшін сен оны біршама уақытқа үстел үстіне қалдырасың. Сол кезде ыстық су қоршаған ауаға энергия бөліп шығарады.