§36. Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлері (123 бет)
Тірі ағзалардың ұйымдасу деңгейлері деген не?
Тірі ағзалар жүйесі ұйымдасу әрекетіне қарай бірнеше деңгейге бөлінеді:
Сәйкестендіріңіз
    1. Молекулалық
    2. Жасушалық
    3. Ұлпалық
    4. Мүшелік
    5. Ағзалық
    6. Популяциялық
    7. Биогеоценоздық
    8. Биосфералық
  • A) Су молекуласы
    B) Адам жасушасы
    C) Бұлшықет ұлпасы
    D) Жүрек
    E) Қоян
    F) Бір ормандағы ақ қояндар
    G) Орман
    H) Жердің тірі табиғаты
Қай деңгейге жатады?
Жүрек
ДНҚ молекуласы
Орман
Бір ормандағы қасқырлар тобы
Пирамида құрастыру
Тапсырма:
Қағаздан немесе түрлі-түсті картоннан тіршілік ұйымдасу деңгейлерінің пирамидасын құрастырыңыз
  • Төменгі бөлігіне — молекулалық деңгей
  • Орта бөлігіне — жасушалық, ұлпалық, мүшелі
  • Ең жоғарғысына — биосфералық деңгейді орналастырады.
Жұмбақтар
Өзім өте кішкентаймын,
ДНҚ-дан тұрамын.
Тіршіліктің бастауы —
Кіммін, айтып қарашы?

Жасушалардан құралдым,
Белгілі бір қызмет атқарам.
Бұлшықет, жүйке, тағы бар,
Мені қай деңгейден табарсың?
  • Үйге тапсырма: «Мен тіршілік деңгейімін»
    «Мен — тіршілік деңгейімін!» тақырыбында қысқаша шығарма жазу. Өзіңізді бір тіршілік деңгейі ретінде елестетіп, сол деңгейдің маңызды рөліңізді сипаттаңыз.

    • Мысал: «Мен — Жасушамын. Мен тіршіліктің негізін құрамын. Барлық ағзалар менсіз өмір сүре алмайды! ....»
Made on
Tilda