§38. Өсімдік тіршілігіндегі фотосинтездің рөлі (124 бет)
Фотосинтез деген не?
Фотосинтез — өсімдіктердің күннің жарығын пайдаланып "өз тамағын" дайындайтын тәсілі. Бұл кезде олар бізге оттегі бөліп шығарады. 🌞🌿
Дәптерге жазып, жаттап алыңыз
Фотосинтез жасушаның арнайы мүшесі - хлоропластың ішіндегі хлорофилл арқасында жүзеге асады
Хлорофилл - өсімдіктерде кездесетін жасыл пигмент. Оның пішіні дән тәрізді. Жапырақта көп кездеседі
Өсімдіктерге қызғылт-сары түс беретін пигмент - хромопласт деп аталады
Түссіз пигменттер - лейкопласт деп аталады. Олар тамырда көп болады және қорға зат жинайды
Бос орындарды толтырыңыз:

Фотосинтез процесі өсімдіктердің ___________ (қай органеллада?) жүреді.

Хлоропласттың құрамында жасыл пигмент — ___________ бар.

Хромопласт өсімдіктерге _________ түс береді.

Лейкопласт негізінен ___________ қызметін атқарады.

Шығармашылық тапсырма
«Егер өсімдіктерде хлоропласт болмаса, не болар еді?» тақырыбында қысқаша ойтолғау жазыңыз.
Қолдану тапсырмасы
Суретті пайдаланып, фотосинтез процесін түсіндір.
(Суретте күн, жасыл жапырақ, көмірқышқыл газы, су және оттегі көрсетілуі мүмкін.)
🔹 Тапсырма:
Суретке қарап, төмендегі сөйлемдерді толықтыр:
  • Өсімдіктер ауадан __________ сіңіреді.
  • Тамырлар арқылы __________ алады.
  • Күн сәулесінің көмегімен __________ түзіледі.
  • Фотосинтез нәтижесінде __________ бөлінеді.
Талдау тапсырмасы
Өсімдіктер болмаса, жануарлар мен адамдарға қандай әсері болар еді? Өз ойыңды жаз.
🔹 Мысал:
Егер өсімдіктер фотосинтез жасамаса, … (өз ойыңды жалғастыр).
Шығармашылық тапсырма:
Фотосинтез туралы қысқа комикс немесе шағын ертегі құрастыр.
Мысалы:
«Күн, су және ағаш» атты шағын әңгіме жазып, фотосинтез процесін түсіндір.
Фотосинтез туралы қызықты мәліметтер
Өсімдіктер "өз тамағын" өздері жасайды!
Фотосинтез — өсімдіктердің күн сәулесін пайдаланып, ауадағы көмірқышқыл газынан және судан өзіне қажетті қоректік заттар жасауы. Бұл процесс – өсімдіктердің "аспаздық құпиясы" десе болады.
Жасыл түс — өмір белгісі!
Өсімдіктердің жасыл болуының себебі — хлорофилл. Бұл пигмент күн сәулесін сіңіріп, фотосинтездің жүруіне көмектеседі.
Ағаштар – оттегі фабрикасы! 🌳
Бір үлкен ағаш бір жылда шамамен 200 кг оттегі өндіреді! Бұл оттегі екі адамның бір жыл бойы тыныс алуына жетеді.
Түнде фотосинтез жүрмейді! 🌙
Фотосинз күн сәулесін қажет етеді, сондықтан ол тек күндіз жүреді. Түнде өсімдіктер де тыныс алады, бірақ оттегі шығарудың орнына аздап көмірқышқыл газын бөледі.
Ең жылдам "фотосинтез шебері"! 🚀
Балдырлар — фотосинтездің рекордшылары! Олар судың ішінде жарықты тез сіңіріп, оттегіні көп мөлшерде шығарады.
Жасыл түсті емес өсімдіктер де фотосинтез жасай алады! 🍂
  • Кейбір өсімдіктерде хлорофилл аз болса да, олар басқа пигменттердің көмегімен фотосинтез жасай алады. Мысалы, қызыл, күлгін жапырақты өсімдіктер.
Фотосинтездің жасырын қаһармандары — цианобактериялар! 🦠
  • Миллиондаған жыл бұрын Жерді алғаш оттегімен байытқан – фотосинтез жасайтын цианобактериялар. Олар планетаның экологиясын өзгерткен.
Фотосинтездің «формуласы» қарапайым, бірақ керемет күшті:
Көмірқышқыл газы + Су + Күн сәулесі ⟶ Глюкоза + Оттегі
  • Бұл формула бүкіл тіршіліктің негізін құрайды!
Үйге тапсырма:

Жаңа сөздерді және олардың анықтамаларын жаттау
Made on
Tilda