Тақырып: §46 Электр Энергиясына төлем жасауда қалай үнемдеуге болады

9 сарамандық жұмыс

Сарамандық жұмыс жүргізу үшін саған қажет: - алуан түрлі жарықтандыру шамдары (қыздыру шамы, энергияүнемдегіш шам, жарықдиодты шам).
Жұмыстың тапсырмасын мұқият оқы және оларды дұрыс ретімен орында. Жұмыстың нәтижесін дәптеріңе жаз. Тапсырманы жазудың ұсынылған сынылған үлгісін пайдалан.
1) Өз аймағыңдағы электр энергиясының тарифін анықтап, оны дәптеріңдегі «Берілгені» бөлігіне жаз.
2) Шамды қолыңа алып, оның тұтынылатын қуатын тап. Әдетте ол шамның әйнегінде немесе түбінде жазылады. Ол сан түрінде және өндіруші елге байланысты Вт немесе W өлшем бір-лігімен көрсетіледі.
3) Барлық үш шамның қуаттылығын «Берілгені» бөліміне жаз.
4) Қанша уақытта тұтынылған энергияны есептейтініңді дәптеріңе жаз: 45 минут.
5) Аспаптардың энергиясы қалай есептелетінін есіңе түсір. Оны әрбір шам үшін жеке есепте. Өзіңнің есептеп шығарғаның-ды «Шешуі» бөліміне жаз.
6) Тұтынған энергияның бағасы қалай есептелетінін есіңе түсір. Оны әрбір шам үшін жеке есепте. Өзіңнің есептеп шығарғаныңды «Шешуі» бөліміне жаз.
7) Әрбір шам үшін тұтынған энергияның бағасын «Жауа-бы» бөліміне жаз.
8) Қорытынды жаса. Қай жарықтандыру көзі әлдеқайда үнемді болып табылады? Неліктен?
Үйге тапсырма
Оқулықпен жұмыс.
Made on
Tilda