Қаңқа жұмсақ тіндерге тірек, бұлшық еттердің бекі ну нүктесі (иінтірек жүйесі). Ол ми, жұлын, жүрек және өкпені қорғайды. Қаңқа өзара бір-бірімен байланысқан сүйектерден тұрады. Адам организмінде олардың саны 200-ден асады.
Тірек. Қаңқа дененің берік әрі орнықты тірегі болып табылады. Ол барлық түсетін салмаққа тірек бола отырып, денеге пішінін сақтауға көмектеседі. Сонымен қатар денені жер бетінде тік көтере отырып, ауырлық күшін жеңуге көмектеседі.
Қорғаныс. Қаңқа адамның ішкі ағзаларын қорғайды. Бассүйек миды және сезім органдарын (көру, иіс сезу, тепе-теңдік сақтау және есту) қорғайды. Омыртқа жұлынды қорғайды, ал қабырғалар – ішкі ағзалардың (жүрек, өкпе және қантамырлар) зақымдануының алдын алады.