Тақырып: § 45 Адамның жыныс жүйесінің құрылысы мен қызметі

Көбею дегеніміз не?
Көбею барлық тірі ағзаға тән қасиет. Көбею түрдің тіршілігін жалғастырып, сақтап қалатын физиологиялық үдерістердің жиынтығы. Басқа тірі ағзалар сияқты адам да жыныстық жолмен көбейеді. Жыныс жасушаларының түзілуі ағзада болатын физиологиялық өзгерістерге байланысты.
Жыныстық мүшелер жүйесін аталық және аналық жыныс мүшелері деп 2 топқа бөледі. Олардың жыныс бездерінен жыныс жасушалары түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушаларының қосылуынан дүниеге жаңа ұрпақ келеді.
  • Аталық жыныс мүшелері.
    Аталық жыныс мүшелерін сыртқы және ішкі мүшелер деп 2 топқа бөледі. Сыртқы аталық мүшелеріне - ұма және жыныстық мүше жатады. Ішкі аталық жыныс мүшелеріне аталық-бездер, оның қосалқы бөліктері (шәует шығаратын түтік, ұрықтық көпіршіктер, қуықасты безі) жатады .
  • Аналық жыныс мүшелері.
    Аналық жыныс мүшелері де 2 топқа (сыртқы және ішкі) бөлінеді. Сыртқы аналық мүшелерге үлкен, кіші жыныстық жапсарлар және шүртекей (клитор) жатады. Жыныстық жап-сарлар май ұлпасы мол терілі қатпарлардан тұрады. Ал ішкі аналық жыныс мүшелеріне екі аналық без, жатыр, екі жатыр түтігі және қынап жатады. Ішкі аналық жыныс мүшелерінің бәрі де кіші жамбас қуысында орналасады.
Үйге тапсырма:
Оқулықпен жұмыс
Made on
Tilda