§46. Екінші реттік жыныс белгілері, жыныстық жетілу. Биологиялық және әлеуметтік жетілу
Жасөспірімдер мен қыздардың жыныстық жетілуі.
Жасөспірім кезеңінде (қыз балада 11-15 жаста, ұл балада 12-16 жаста) барлық физиологиялық жүйе толық құрылады, ағзаның жыныстық жетілуі басталады.
Бұл жаста жүрек бұлшық еті дене бұлшық етіне, ал тамырлар жүрекке қатысты өсіп үлгермейді. Сондықтан жүрекке салмақ түспеуі үшін жасөспірім күндіз 1-1,5 сағат демалуы тиіс.
Бұл кезеңде көңіл күйдің лезде өзгеруі байқалады, ашуланшақ болады. Өтпелі кезең еш қиындықсыз өтуі үшін бір-біріңе, мұғалімге, ата-аналарыңа қайырымды, әдепті болуға тырысыңдар. Көп нәрсе үйренуге, түрлі салада өздеріңді шығармашылық тұрғыда көрсетуге тырысыңдар. Ержету не бойжету дегеніміз бірқалыпты, өзіне сенімді, айтқан сөзге берік және алға қойған мақсатқа жету.