§49. Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулар.

Олардың алдын алу шаралары

Жыныс жолдары арқылы берілетін аурулардың қоздырушыларына әртүрлі бактериялар мен вирустар, қарапайымдар (біржасушалы жануарлар) мен микроскопиялық саңырауқұлақтар жатады. Осы жұқпалардың барлығына ортақ ұқсас жұғу жолы жыныстық қарым-қатынас кезінде ауру адамнан сау адамға беріледі.
ЖИТС (СПИД) жұқтырып алған иммундық тапшылық синдромы едәуір қауіпті вирустық жұқпа, ресми түрде ем қонбайтын және өлімге апаратын ауру.
Мерез (сифилис) қоздырушысы бактерия, ақшыл спирохета болып табылатын жұқпалы ауру. Қоршаған ортада бұл бактерия тұрақсыз.
Соз (гонорея) жыныстық қатынас арқылы жұғатын жұқпалы ауру. Создың қоздырғышысы шар тәрізді гонококк бактериясы.
В, С гепатиті гепатиттің басқа формасы сияқты вирустық жұқпа болып табылады.
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу осы жұқпа лардың барлық түрі үшін ортақ болып табылады.
  • жалпы гигиеналық нормаларды сақтау, оны сақтауды басқа адам дардан талап ету медициналық және косметикалық аспаптарды сте рильдеу, гигиеналық түрғыда сенімді орындарға бару және т.б.;
  • кездейсоқ жыныстық қатынастан сақтану және (немесе) мүшеқап (презерватив) қолдану
  • міндетті алдын алу тексерілуден өту жөне ауру жұқпасына күмөн туған жағдайда анализге қан тапсыру
Made on
Tilda