Эмбриогенез факторлары. Ұрықтың дамуына көптеген сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді. Ұрыққа теріс әсер ететін факторлар эмбриотоксикалық (эмбриоуытты) деп аталады. Оған радиация, иондаушы сауле, жоғары электрмагниттік өріс сияқты физикалық агенттер жатады. Химиялық эмбриотоксиндер никотин, алкоголь, есірткілік заттар мен көптеген медикаменттер кез келген улаушы заттар болуы мүмкін. Биологиялық эмбриотоксиндерге вирустар мен бактериялардың тірші лік әрекетінің өнімдері, күйзеліс (стресс) кезінде өндірілетін әйелдің өзінің гормондары жатады. Эмбриотоксиндердің жүкті әйел ағзасына әсері нәрестеде туабітті патологияның дамуына себеп болуы мүмкін. Сондықтан ұлттың денсаулығын сақтаудың маңызды факторына әйелдердің гигиена ережелерін сақтауы және медициналық бақылауды жүзеге асыру болып табылады.