Кайнозой эрасында тіршілік заманауи түрге ие болып, мұз басу жүрді, климат жалпы едәуір суық болды. Гүлді өсімдіктер мен бунақденелілер; жылықанды омыртқалылар құстар мен сүтқоректілер басымдық көрсетеді. Жалпы кайнозой эрасының соңына дейін солтүстікке мұз басу тен. Сол кезеңнен тірі қалған жануарлардан солтүстік бұғысын, қойөгіз, ақтүлкі, лемминг, аққұрды атауға болады. Ал мамонттар мен жүнді мүйізтұмсықтар жойылып кетті.