К. Линнейдің негізгі ғылыми еңбектері:
1. Өз заманындағы өсімдіктер мен жануарлардың ең жақсы жүйеленімін жасады.
2. Бинарлы номенклатураны пайдаланып, сол кездегі терминологияны жеңілдетті: түрді белгілеу үшін зат есімді, туысты белгілеу үшін сын есімді қолданды.
3. «Түр» деген түсінікті ең кіші жүйелік бірлік ретінде анықтады.
4. Жүйеленімді жасау үшін ең бірінші түрдің морфологиялық критерийін жасады және қолданды, яғни жүйеленімдегі орны туралы сыртқы құрылысы бойынша анықтады.
5. Адамды адамтәрізді маймылға жатқызды.
6. Бағынышты 5 таксон немесе жүйелік санатты (класс, қатар, туыс, түр, түр тармағы) енгізді.
7 . Өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрін сипаттады.