Барлық тірі ағзалар арасында Дарвин тіршілік үшін күрес деп атаған бәсекелестік пайда болады. Тіршілік үшін күрестің барлық түрінің нәтижесі табиғи сұрыпталу, яғни бір ағзаның тірі қалуы (қоршаған ортаға жақсы бейімделген) және басқа ағзаның тіршілігін жоюы (қоршаған ортаға аз бейімделген). Дарвин табиғи сұрыпталуды басты эволюциялық фактор деп санады.