§58. Табиғи сұрыпталу, оның түрлері (қозғаушы және тұрақтандырушы

Табиғи сұрыпталу деген не?
Табиғи сұрыпталу бұл тіршілік үшін күрестің нәтижесі, табиги популяциядағы едәуір бейімдел-ген ағзалардың тірі қалу үдерісі.
Ч. Дарвин: «Табиғи сұрыпталу әрбір тіршілік иесі өз тіршілігінің барлық кезеңінде ұшырайтын қандай да бір органикалық және бейорганикалық жағдайда қолайлы өзгерістердің тек сақталу және жинақталу жолымен әрекет етеді. Соңғы нәтиже ағзаны қоршаған жағдайға қатысты едәуір жетілу үдерісінен анықталады», деп айтты.
Табиғи сұрыпталудың ерекшеліктері:
Ағзаларда кездейсоқ мутациялар пайда болады.
  • Қоршаған ортаға жақсы бейімделген даралар тірі қалады.
  • Сол даралар ұрпақ таратып, пайдалы белгілер келесі буынға беріледі.
  • Бейімделмегендер тіршілік үшін күресте жойылады.
Мысалдар:
  • Құрғақ аймақтардағы өсімдіктер суды көп сақтайтын қасиеттерге ие болады.
  • Жыртқыштардан жақсы жасырынатын түсті көбелектер тірі қалады.
  • Керік мойнының ұзарып кетуі – ағаш басындағы жапырақты жеуге бейімделудің нәтижесі.

Табиғи сұрыпталудың алғышарттары. Даралардың артық саны және оның салдары ретінде тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталу себептері болып табылады. «Табиғи сұрыпталу жалпы ғаламшарда мекендейтін әрбір тірі ағзаға жеке әрі барлық түрге бірге және үздіксіз әсер ететін, әрбір уақыт бірлігіндегі тіршілік үшін күрестің барлық түрінің жиынтық нәтижесі», деп айтуға болады. Табиғи сұрыпталудың жан-жақты әсері осындай.

Тұжырымның қате екенін дәлелде:
“Табиғи сұрыпталу – адам қалауы бойынша пайдалы белгілерді таңдап алу процесі.”
Ситуациялық сұрақ:
Қара түсті және ашық түсті көбелектер бір орманда өмір сүрді. Өнеркәсіптік түтіннен ағаш қабықтары қарайып кетті. Қай көбелектердің тірі қалу мүмкіндігі жоғары және неге?
Дұрыс/Бұрыс:
  1. Табиғи сұрыпталу – эволюцияның қозғаушы күші.
  2. Табиғи сұрыптау кезінде адам араласады.
  3. Дарвин табиғи сұрыпталу теориясын ұсынды.
  4. Бейімделмеген даралар әрқашан тірі қалады.
Made on
Tilda