§ 60. Түр, оның критерийлері мен құрылымы

Түр деген не?
Түр тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық бірлік болып табылады. 1735 жылы К. Линней негізін қаласа да ғылымда осы уақытқа дейін бұл түсініктің көпшілік мақұлдаған анықтамасы жоқ. Мынадай заманауи түсінік едәуір қолайлы: түр сыртқы белгілері мен тіршілік ету үдерісі ұқсас, бірдей жагдай қажет, белгілі бір аумақта топ - популяция түрінде мекендейтін, басқа түрлермен будан түзбейтін даралар тобы. «Түр төрт критерий бойынша ұқсас даралар тобы» деп те айтуға болады.
1. Морфологиялық критерий ең ежелгісі. Ол ұзақ уақыт негізгі ғана емес, жалғыз критерий болды. Оны Карл Линней, оған дейінгі және кейінгі барлық ғалымдар қолданды. Морфологиялық критерий бұл сыртқы және ішкі құрылысындағы ұқсастық. Бір түр өсімдіктерінің гүлі мен басқа мүшелерінің құрылысы бірдей. Бір түрге жататын жануарлардың тек сыртқы түрі ғана емес, ішкі құрылысы да ұқсас.
2. Физиологиялық критерий даралардың қандай да бір түрге
жататынын анықтаған кезде биохимиялық талдауларды қолдануға және физиологиялық параметрлерді салыстыруға негізделген. Осылай ұқсас түрлер анықталып, бөлінді. Осы және генетикалық критерийлерді қолданған соң бұрын жеке түр болып саналған түрлер біріктірілді.
3. Генетикалық критерий қазіргі кезде негізгі критерий болып
саналады. Оған хромосома өлшемі, саны және пішіні, еркін шағылысуы және өсімтал ұрпақ беруі, сондай-ақ көбею мерзімі мен ұрығының дамуы, күйлеу кезіндегі мінез-қылығы, яғни көбеюге қатыстының барлығы жатады.
4. Экологиялық критерий түрдің таралу аймағын, ағзалардың осы түріне қажет табиғи жағдай кешенін қарастырады. Таралу типі бойынша барлық түрлер үлкен 2 топқа бөлінеді. Бір түр ірі таралу аймағында, оның бүкіл аумағында біркелкі топ болып таралып орналасады. Басқа түрдің таралу аймағы оқшауланған, бөлінген аумақтан тұрады.
Түрдің критерийлерін анықтау

Төменде сипатталған жағдайларға сәйкес келетін түр критерийін анықтаңыз.
  1. Бір аймақта мекендейтін екі жануар бір-біріне өте ұқсас, бірақ бір-бірімен шағылыса алмайды.
  2. Критерий: _____________
  3. Екі жануардың ДНҚ құрамын зерттеу арқылы олардың ұқсастығы анықталды.
  4. Критерий: _____________
  5. Түр даралары тіршілік ету ортасына байланысты әртүрлі бейімделулерге ие.
  6. Критерий: _____________
Made on
Tilda