Миелин – нейрон аксонын қоршайтын арнайы липидті қабықша. Ол жүйке импульсінің жылдам әрі тиімді таралуына көмектеседі. Миелинді қабықшаны Шванн жасушалары (шеткі жүйке жүйесінде) немесе олигодендроциттер (орталық жүйке жүйесінде) түзеді.
Рефрактерлік кезең түрлері
Жүйке импульсінің жылдам таралуы – миелин қабықшасы тұзақтап (салтаторлы) өткізу механизмін қамтамасыз етеді, бұл сигналдың секіру арқылы таралуына әкеледі.
Энергия үнемдеу – аз Na⁺ және K⁺ иондары ауысады, сондықтан иондық сорғыларға жұмсалатын энергия азаяды.
Импульстердің сенімділігі – ақпарат дұрыс бағытта тарайды, сигнал әлсіреп кетпейді.
Жарақаттан кейінгі қалпына келу мүмкіндігі жоғары – шеткі жүйке жүйесінде Шванн жасушалары нейрондарды қалпына келтіруге көмектеседі.
Тапсырмалар
Кім жылдамырақ?” ойыны
Қажетті құралдар: Екі ұзын түтік (біреуі ішінде кедергілері бар, екіншісі тегіс).
Өткізу әдісі:
Бір оқушы шарды тегіс түтік арқылы үрлеп жібереді (миелинденген нейрон).
Екінші оқушы кедергілері бар түтік арқылы үрлейді (миелинденбеген нейрон).
Қайсысы жылдамырақ жететінін салыстыру.
“Миелин метафоралары”
"Миелин қандай затқа немесе нәрсеге ұқсайды?"
Мысалдар:
Интернеттің жоғары жылдамдықтағы желісі – ақпарат тез беріледі.
Қорғаушы қабықша – электр сымындағы оқшаулағыш сияқты.
Жылдам трасса – кедергісіз, шектеусіз жүруге мүмкіндік береді.
“Қателерді тап!”
Миелин қабығы импульсті бәсеңдетеді.
Миелин тек орталық жүйке жүйесінде кездеседі.
Миелині бар нейрондар баяу жұмыс істейді.
Миелин ион алмасуын жылдамдатады.
Нерв импульсі миелинді қабықшаның барлық жерінде таралады.
Дұрыс жауаптар:
1 – Жоқ, миелин жылдамдықты арттырады. 2 – Жоқ, ол шеткі жүйке жүйесінде де бар. 3 – Жоқ, жылдам жұмыс істейді. 4 – Жоқ, керісінше ион алмасуын азайтады, бұл энергияны үнемдейді. 5 – Жоқ, импульс Ранвье түйіндері арқылы секіріп өтеді.