105-тақырып. Миелинденген және миелинденбеген нерондарды салыстыру
Нейрондар – жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық және функционалдық бірліктері. Олар ми мен жұлыннан келген электрлік импульстарды қабылдайды, өңдейді және қажетті орындарға жеткізеді. Нейрондар миелинді қабықшасының болуына байланысты екі түрге бөлінеді:
Миелинденген нейрондар – аксоны арнайы май тәрізді миелин қабықшамен қапталған. Бұл қабықшаны Шванн жасушалары немесе олигодендроциттер түзеді. Миелин жүйке импульстерінің жылдам және тиімді таралуына көмектеседі.
Миелинденбеген нейрондар – аксонында миелин қабаты жоқ, сондықтан жүйке импульсі біртіндеп, баяу тарайды. Мұндай нейрондар ішкі мүшелердің қызметін реттеуде, баяу және үздіксіз өтетін процестерде қолданылады.
Миелиннің негізгі қызметі – жүйке импульсінің таралу жылдамдығын арттыру, энергияны үнемдеу және ақпараттың тиімді берілуін қамтамасыз ету.