Механорецепторлар - сезімтал жүйке талшытарының ұштарындағы рецепторлар. Олар әртүрлі механикалық тітіркендіргіштерге: жанасу, қысым, созылу, тербелістер, т.б. әсерлерге жауап қайтарады.
Пачини денешігінің реакциясы
Құрылымы: Пачини денешігі пияз қабықшасына ұқсас, қабатталған құрылымы бар. Ол тері астында, сіңірлерде, ішкі мүшелерде кездеседі.
Қызметі: Қысым мен дірілді сезеді. Өте тез бейімделеді, яғни тітіркендіргіш ұзақ уақыт әсер етсе, сезімталдығы төмендейді. Импульсті тек өзгеріс кезінде жібереді, яғни қысым тұрақты болса, сигнал жіберуді тоқтатады.
Пачини денешігінің реакция механизмі: 1. Бастапқы әсер: Саусаққа қысым түскенде, қабаттары жаншылып, иондық арналары ашылады. 2.Импульс генерациясы: Қысым күшейген сайын электрлік сигнал пайда болып, ол жүйке арқылы миға беріледі. 3.Бейімделу: Егер қысым тұрақты болса, рецептор импульс жіберуді тоқтатады. 4.Қысым тоқтаған кезде: Қабаттар бастапқы қалпына келеді, рецептор қайта қозады.
Мысал:
Егер сен қаламды ұстасаң, Пачини денешігі бастапқыда импульс береді, бірақ қолды ұзақ ұстасаң, рецепторлар бейімделіп, сен оны сезбей қаласың.
Егер қаламды жылжытсаң, рецептор қайтадан импульс жібереді.
Сұрақтарға жауап беріңіз
Неліктен сағатты немесе көзілдірікті ұзақ таққанда оларды сезбей қаламыз?
Өйткені Пачини денешігі жылдам бейімделетін рецептор, ол ұзақ әсерге үйреніп, импульсті жіберуді тоқтатады.
Егер қолыңды суық суға салсаң, біраз уақыттан кейін суықты аз сезетін боласың. Бұл қандай рецепторлардың әсері?
Терморецепторлар (суық пен жылуды сезетін рецепторлар) уақыт өте келе бейімделеді, сондықтан біз суықты аз сезіне бастаймыз.
Егер біреу сені байқатпай түртіп кетсе, қай рецепторлар іске қосылады?
Мейснер денешіктері (жеңіл жанасуды сезетін рецепторлар) мен Меркель дискілері (ұзақ жанасуды сезетін рецепторлар) жұмыс істейді.