115-тақырып. Робототехникада биомеханиканы қолдану
Биомеханика - бұл тірі организмдердің қозғалыс мүмкіндіктерін және қозғалу әрекетін зерттейтін ғылым саласы. Көбінесе адам мен жоғары сатыдағы жануарлардың қозғалысын зерттеу практикалық қызығушылық тудырады.
Биомеханиканың робототехникаға әсер ететін негізгі принциптері
1.Қозғалыс динамикасы – бұлшықеттер мен буындардың өзара әрекеттесуін зерттеу роботтардың икемділігін жақсартады. 2.Қуат үнемдеу – табиғи қозғалыс үлгілеріне жақын моторика роботтардың тиімділігін арттырады. 3.Сенсорлық кері байланыс – адам терісіндегі рецепторлар сияқты датчиктерді қолдану арқылы роботтарға сезу қабілетін беру. 4.Материалтану – табиғи бұлшықетке ұқсас икемді материалдарды пайдалану (мысалы, жасанды бұлшықеттер – SMA, гидрогельдер).