Тақырып: §51. Белгілерді анықтауда гендердің рөлі

ДНҚ молекуласының нәруыз молекуласын синтездеуге негіз болатын бөлігі ген деп аталады. Әр ДНҚ молекуласында көптеген әртүрлі гендер болады.
Ген бұл тұқым қуалау факторы, генетикалық материалдың бөлінбейтін бірлігі, ДНҚ молекуласының бөлігі. Сондыктан ДНҚ-ның тұқым қуалау факторларын белгілерді тасымалдаушы немесе таратушы деп атайды. Гендер организмнің тұқым қуалайтын белгілерін ата-аналарынан ұрпақтарына нәруыздар түрінде береді.
I
Ата-аналарынан балаларына организмнің құрылысы мен қызметін анықтайтын белгілер, мысалы, көздің түсі мен пішіні, терінің түсі, аяқ және қол саусақтарының құрылысы, яғни адам организмінің барлық белгілері тұқым қуалап беріледі. Сол сияқты жануарларда да гендер арқылы оларға тән барлық белгілер ұрпақтан-ұрпаққа тұқым қуалайды. Иттен күшік туады, сиырдан бұзау, тауықтың жұмыртқасынан балапан шығады т.с.с. Қайынның тұқымы жел арқылы қайда барып түссе де, тіпті шыршалы орманға келіп жетсе де, ол тұқымнан қайың өсіп шығады . Міне, осылай гендер кез келген организм белгілерінің жарыққа шығуына әсерін тигізеді.
Made on
Tilda