§66. Вирустар тіршіліктің жасушалық емес формасы
Қазір ғылым ұсақ, жасушалық емес тіршіліктін формасы - вирустардың болатындығын анықтады. Олар өте кішкентай, тек электрондық микроскоп көмегімен зерттеледі.



Вирустар әртүрлі болады . Әрбір вирус бөлшегі ДНҚ мен РНҚ-ның аздаған мөлшерінен, яғни нәруыздық кабыкша бөлігіндегі генетикалық мате-риал капсидтен тұрады . Бұл кабыкша қорғаныштық атқарады.

Вирустық ауруларга тұмау, корь қызылша, оспа энцефа-лит, полиомиелит, гепатит, құтыру, ЖИТС (СПИД) жатады. Өсімдіктердің вирустық ауруларының ішінен темекі теңбілі ауруы белгілі. Бұл кезде хлоропластар жапырақтарды түссіздендіре отырып бұзылады. Вирусты жою үшін иммунологиялык тәсіл вируска карсы дәрілер қолданады.
Мәселелік тапсырма
Вирустар — өте ұсақ, микроскоппен ғана көрінетін тірі ағзалар. Олар өздігінен тіршілік ете алмайды, тек тірі жасушаның ішінде ғана көбейе алады. Сондықтан вирустар — жасушасыз тіршілік иелері. Олар өсімдік, жануар, адам және тіпті бактерия жасушаларына еніп, оларды зақымдайды. Вирус жасуша ішіне енгеннен кейін иесінің ресурсын пайдаланып, өз көшірмесін жасайды. Осылайша ауру туғызуы мүмкін.
Мысалы, тұмау вирусы адам ағзасына енген соң дене қызуын көтеріп, әлсіздік тудырады. Сонымен қатар, өсімдіктер мен жануарларда да вирустық аурулар жиі кездеседі. Бірақ вирус — тірі мен өлі арасындағы аралық форма, себебі ол жасушадан тыс кезде белсенді емес.
  • ТАПСЫРМАЛАР

    а) Вирустар неліктен "жасушасыз тіршілік иелері" деп аталады?
    ә) Вирустар тірі ағза бола ма? Өз ойыңды дәлелде.
    б) Вирустардың тіршілік әрекетіне қандай жағдай қажет?

  • КЕЙСТІК ТАПСЫРМА

    Сенің сыныптасың ауырған, дәрігер оған "Бұл вирустық инфекция" деді. Анасы оған антибиотик бергісі келді. Бірақ дәрігер қарсы болды.

  • СҰРАҚ

    Бұл жағдайда неге антибиотик беру дұрыс емес? Вирустар мен бактериялардың айырмашылығына сүйеніп түсіндір
Made on
Tilda