§65 Антибиотиктер, антисептиктер, дезинфекциалаушы құралдар
Микроорганизмдердің жұқпалы аурулардың қоздырғыштары ретіндегі рөлі ашылғанға дейін жұкпалы ауруларды емдеу үшін түрлі химиялық құралдарды жасап шығаруға талпыныстар болған. 1942 жылы "антибиотик" термині пайда болды, ол белгілі бір бактериялардың өсуін басып, олардың жойылуына алып келетін, түрлі микроорганизмдер жасап шығаратын химиялық заттар.

Пенициллинді бірінші рет ағылшын микробиологі

А. Флемминг (1928 ж.) ашқан. Бірақ пенициллинді таза күйінде 1940 жылы Екінші дүниежүзілік соғыс басталған соң іріңді асқынған жаралар мен қанның бұзылуын емдеу үшін жана дәрілік құрал қажет болғаннан кейін ғана алды.

Антибиотиктерді өндіру фармацевтика өнеркәсібінің ерекше бөлінген саласы, себебі оны өндіру басқа дәрілік препараттарды алудан ерекшеленеді. Мұнда басты буын микроорганизмдер болып табылады, көп мөлшерде антибиотиктер алу үшін оларға жақсы жағдай жасау қажет.
Антисептика жараға түскен инфекцияны жоюды карастыратын шаралар кешені. Терминді 1750 жылы ағылшын хирургі
Дж. Прингл енгізген. Антисептикалық шаралардың мақсаты түрлі жараларды микробтардан тазарту, өндеу. Жараны ерте өңдеуден өткізу іріңдеудің алдын алады.
Мәтін: Айдана тамағынан ауырған кезде дәрігер оған антибиотик жазып берді. Ал індет кезінде оның отбасы қол жууға арналған сабын мен санитайзерлерді жиі қолданды. Айдананың анасы үйді жиі жуып, еденге дезинфекциялық ерітінді септі. Айдана "антибиотик", "антисептик", "дезинфекциялық құрал" сөздерінің айырмашылығын түсінгісі келді. Дәріханашы оған былай түсіндірді:
  • Антибиотиктер – ағзаға түсіп кеткен зиянды бактерияларды жою үшін қолданылады. Тек дәрігердің тағайындауымен ішу керек.
  • Антисептиктер – терідегі микробтарды жою үшін қолданылатын құралдар (мысалы, спирт, йод, сутегі асқын тотығы).
  • Дезинфекциялық құралдар – тұрмыстық заттарды, беттерді, еденді зарарсыздандыруға арналған. Олар адам ағзасына арналмаған.
Тапсырмалар:
а) Үшеуінің қандай негізгі айырмашылықтары бар?
ә) Антибиотиктерді неліктен өз бетінше ішуге болмайды?
б) Қай құрал қай жағдайда қолданылатынын кесте түрінде жаз.
2. Шынайы жағдайға тапсырма (кейстік тапсырма)

Ситуация: Мектепте бір оқушы қолын кесіп алды. Мұғалім қандай әрекет жасауы керек? Қай құралды қолдану қажет және не үшін?
Осы жағдайға байланысты шешім ұсын. Қай құралды қолдану қажет екенін түсіндір.
Made on
Tilda