§64. Қымыз бен шұбат және йогуртпен пен ірімшік дайындау өндірісі
Биотехнология дегеніміз организмдердің қатысуымен жүретін биологиялық процестерді адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" терминін алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К.Эреки енгізді. Ал Қазақстанда алғаш рет өсімдіктер биотехнологиясының негізін қалаған профессор Ізбасар Рахымбаевтың басшылығымен өсімдіктердің 2400-ден астам түрлері шығарылды. Осындай жұмыстардың нәтижесінде сирек кездесетін және жойылып бара жатқан өсімдіктерді сақтап қалуға мүмкіндік туды. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың жаңа тұқымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару.
Адамзат бактерияларды тағам өнеркәсібінде, оның ішінде ашымал сүт өнімдерін дайындауда кеңінен қолданылатынын білдік. Сүтқышқылды бактериялары сүт құрамындағы қантпен қоректене отырып, сүт қышкылын түзеді. Оның әсерінен сүт қатыққа, кілегейлі майлы айранға айналады. Соңғы уақытта тұтынушылар йогуртты жиі сатып ала бастады. Бұл пайдалы ашымал сүт өнімін көбінесе оның алуан түрлі жемісті дәмі үшін алады.

Made on
Tilda