§62. Жануарларда тура және түрленіп даму (онтогенез) типтері
Жануарларда туылғаннан соң немесе жұмыртқадан шыққаннан кейін постэмбриондық немесе ұрықтанудан кейінгі кезең басталады. Онтогенез бұл организмнің өсуі және қалыптасуы. Жануарлардың дамуы екі түрлі жолмен жүруі мүмкін: тура және түрленіп даму.
Жануарлардың дамуы
Тура дамуда пайда болған организм ересектеріне ұқсас, бірақ мөлшерінің кіші болуымен ерекшеленеді. Көптеген омыртқалы жануарлар жорғалаушылар, құстар, сүткоректілер осылай дамиды.
Түрленіп дамудың екі жолы бар: толық түрленіп даму және шала түрленіп даму. Түрленіп даму ішекқуыстыларға, жалпақ құрттарға, жәндіктерге, қосмекенділерге тән. Бұлардың дамуы дернәсілдік кезеңнен басталады.
If a building becomes architecture, then it is art