§61. Өсімдіктердің ұзарып және жуандап өсу процестері
Өсу бұл өсімдіктің жаңа мүшелерінің пайда болуы және көлемінің ұлғаюымен байланысты процесс.
Өсімдік бүкіл тіршілігінде өседі. Осынысымен ол жануарлардан ерекшеленеді. "Өсімдік" деген атау "өсу" деген сөзден шыққан. Өсімдіктің бүкіл тіршілігі бойында жаңа тамыр мен жаңа өркендер қалыптасып өсіп отырады, түскен жапырақтардың орнына жаңа жапырақтар шығады, гүлдер пайда болып, кейіннен жеміске айналады.
Тамырдың ұзарып өсуі тоқтайды, оның есесіне тез жанама тамырлар өсе бастайды. Тамыр жүйесі жан-жаққа таралады және топырақтың жоғарғы құнарлы бөлігіне жайылады. Бұл қабатта қоректік зат мол болады, сондықтан өсімдік мол өнім береді. Тамырдың бұл қасиетін ауылшаруашылығында кіндік тамыр жүйесі бар орамжапырақ қызанақ көшеттерін өсіргенде қолданады. Өсімдіктің негізгі тамырын шырпу оның ұзарып өсуін тоқтатады және жанама тамырлардың өсуіне жағдай жасайды. Өсімдіктің топырақтағы қоректену аумағы үлкейеді.

Дәптермен жұмыс
Мәнмәтін:
1. Фермер Ержан жүгері өсірумен айналысады. Бірақ ол жүгерінің кейбіреуі ұзын болып өссе, ал кейбіреуі аласа және әлсіз болатынын байқады.

Тапсырма:
  1. Өсімдіктің ұзарып өсуіне қандай факторлар әсер етеді?
  2. Егер өсімдіктер жеткілікті жарық, су және қоректік зат алмаса, олардың өсуіне қандай өзгерістер болады?
  3. Жүгерінің биік және сау болып өсуі үшін фермерге қандай кеңес бересің?
Жауабың: _______________

2. Оқушылар мектеп маңындағы ағаштардың діңін зерттеді. Олар ескі ағаштардың жуандап, ал жас ағаштардың жіңішке екенін байқады.

Тапсырма:
  1. Ағаштар неге жуандайды?
  2. Ағаш діңінің жуандауы қай ұлпа арқылы жүреді?
  3. Егер жылдық сақиналары жіңішке болса, бұл нені білдіреді?
Жауабың: _______________
Made on
Tilda