§58. Гүлді өсімдіктерде қосарлы ұрықтанудың маңызы
Гүл тозаңданғаннан кейін ұрықтану басталады. Ұрықтану бұл екі жыныс жасуша-гаметалардың (аталық және аналық) қосылу процесі. Гүлді өсімдіктерде аталық гамета спермийлер өте майда, аналық гамета жұмыртқа жасуша анағұрлым ірілеу болады.
Аталық ұзын аталық жіпшеден және тозаң дамитын тозаңқаптан тұрады. Әрбір тозаң түйіршігінен екі спермий аталық жыныс жасушалары түзіледі. Аталықтың тозанқабында тозаңдар немесе тозаң дәндері орналасқан. Олардың пішіндері әртүрлі болады. Әрбір тозаң дәні қабықпен қапталған. бетінде шошағы, томпағы, тікендері болады . Бұл тозаң дәндерінің тозаңдандырушы - жәндіктердің денесінде және аналықтың аузында ұсталынып қалуға мүмкіншілік жасайды.
Гүлдің аналық аузына түскен тозаң аналық түйінге (жатын) қарай бағытталған тозаң түтікшесін түзе отырып өседі. Генеративті жасуша бөлініп, екі спермий түзеді. Тозаң түтігінің өсуі көптеген өсімдіктерде бірнеше сағатқа созылады. Бірақ кейде өсу процесі бірнеше айға созылады, мысалы, қайыңда 1 айға созылады, қандыағаш және орманжанғақта 1-2 айға созылады . Жатынның қуысында жабыны бар тұқымтүйін орналасады.
Дәптермен жұмыс
Made on
Tilda