Тақырып: §57.  Гүлдің құрылысы
Гүл - жабықтұқымдылардың көбею мүшесі, түрі өзгерген, қысқарған өркен. Мысал ретінде шие ағашының гүлін қарастырайық. Гүлдің ортасында аналық және оны айнала көптеген аталықтар орналасады. Аналық пен аталықты қоршап тұрған жапырақшалар гүлсерік деп аталады. Ашық түсті жапырақшалар күлтелер, ал жасыл түсті жапырақшалар тостағаншалар. Тостағаншасы да, күлтесі де бар гүлдер қос гүлсерікті гүлдер деп аталады.

Тозаңдану процесі - тозанқаптың жарылуынан кейін босаған аталық тозаңның аналық аузына барып түсуі. Егер тозаңдану болмаса, өсімдік жеміс түзбейді. Тозаңдануды өздігінен тозаңдану және айқас тозаңдану деп ажыратады .
Өздігінен тозаңдану кезінде бір гүлдің аталығындағы тозаң осы гүлдің аналық аузына келіп түседі. Мұндай тозандану бидай, арпа, зығыр, бұршақ, үрмебұршақ, картопта жүреді.
Өсімдіктер әлемінде айқас тозаңдану басым және прогрессивті құбылыс. Өйткені бұл тәсілде біршама әртүрлі жағдайда өскен аталық және аналық даралардың қасиеттерін біріктіруші ұрпақ түзіледі. Екі және одан да көп гүлдер қатысатын айқас тозаңдану жәндіктермен, жел, су, құстың көмегімен жүзеге асырылады (колибри).
Дәптермен жұмыс:
1. «Дизайнер бағбан» (Шынайы өмірмен байланыс, жоспарлау және шешім қабылдау)Мектеп басшылығы мектеп ауласын безендіру үшін гүлзар жасауды жоспарлауда. Олар саған әртүрлі гүлдерді таңдап, көгалдандыру жоспарын ұсынуды сұрады.
Тапсырма:
  1. Гүлзарға отырғызу үшін 3 түрлі гүлді таңда.
  2. Әр гүлдің қандай ерекшеліктерін (түс, гүлдеу уақыты, күтімі) ескеру керек?
  3. Егер мектеп ауласында күн шуақты және көлеңкелі жерлер болса, қай гүлдерді қай аймаққа отырғызу керек?
  4. Гүлзардың ұзақ уақыт әдемі болып тұруы үшін қандай күтім шараларын ұсынар едің?
Жауабың: _______________

2. «Бал араларының мәселесі» (Экологиялық ойлау, талдау және шешім қабылдау)Соңғы жылдары бал араларының саны азайып келеді, бұл өсімдіктердің тозаңдануына әсер етеді. Ғалымдар аралардың тіршілігін қолдау үшін балды өсімдіктерді көбірек отырғызуды ұсынады.
Тапсырма:
  1. Бал араларын тартатын 3 гүлді ата.
  2. Егер қала тұрғындары аралардың азаюын тоқтатқысы келсе, қандай экологиялық шаралар жасау керек?
  3. Егер гүлдер мен аралар мүлде жойылып кетсе, табиғатта қандай өзгерістер болар еді?
Жауабың: _______________
Made on
Tilda