Тақырып: §56. Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері
Вегетативті көбею деген не?

Өсімдіктерде жыныссыз көбеюдің басқа тәсілі жапырақ, тамыр, сабақ арқылы жүзеге асатын вегетативті көбею. Бұл тәсіл қандай да болмасын өсімдіктің құнды сапасын сақтап қалу үшін бау-бақша, жеміс-жидек өндірісінде әйгілі.

Ол даралар санының өсуіне және олардын жаңа жерлерге қоныстануына ықпал етеді. Вегетативті көбеюде өсімдік тек саны жағынан ғана көбеймей, сонымен қатар аналық организмнің қасиетін өзгеріссіз сақтайды, әсіресе белгілі бір сорттардың көбеюінде.
Вегетативті көбею тәсілдері
Түрі өзгерген өркен арқылы көбею. Кейбір өсімдіктерде жерасты өркендерінің жасушасында қысқа қарай қоректік заттардың қоры жиналады: түйінде крахмалдың қоры, жуашық және тамырсабақта - көптеген қант. Тамырсабақпен қоянжем, інжугүл, жатаған, бидайық, жалбыз, қаражидек көбейеді. Сарымсақ, қызгалдақ, жуа, лалагүл жуашықпен көбейеді.
Вегетативті мүшелерді бөліктерімен немесе қалемшелерімен көбейту. Бұл тәсіл бақша және гүл өсіруде кеңінен қолданылады. Қалемшелер сабақ, жапырақ, тамыр түрінде болуы мүмкін Сабақ қалемшелер (өркен) арқылы традесканцияны, бегонияны, раушанды. қазтамакты, бальзаминді, қалампырды көбейтеді.
Өсімдіктердің вегетативті көбею тәсілдері бойынша функционалдық сауаттылық тапсырмалары 1. «Бағбан кеңесі» (Мәтінді талдау және шешім қабылдау)Айжан әжесіне көмектесіп, үй ауласындағы өсімдіктерді көбейтуді жоспарлады. Әжесі оған картоп, құлпынай және бегония өсімдіктерін берді. Бірақ Айжан бұл өсімдіктерді қалай көбейтуге болатынын білмейді.
Тапсырма:
Айжанға көмектесіп, төмендегі сұрақтарға жауап бер:
  1. Осы өсімдіктердің әрқайсысы қандай вегетативті көбею тәсілімен көбейеді?
  2. Әжесіне аз шығынмен және жылдам көбею әдісін ұсыну үшін қай өсімдікті бірінші көбейту керек? Неліктен?
  3. Егер Айжан өсімдіктердің көбею тәсілдерін дұрыс таңдаса, оның қандай пайдасы болады?
Жауабың: _______________
2. «Көгалдандыру жобасы» (Шынайы өмірмен байланыс, талдау және жоспарлау)Қала әкімдігі мектеп ауласына сәндік өсімдіктер отырғызу үшін жоба жасауды ұсынды. Олар өсімдіктердің тез және тиімді көбею тәсілін таңдауға көмектесуді сұрайды.
Тапсырма:
  1. Төмендегі өсімдіктердің қайсысын вегетативті жолмен көбейту тиімді екенін анықта:
  • Раушан
  • Құлпынай
  • Қарағай
  • Картоп
  • Терек
  1. Мектеп ауласында көбейту үшін ең қолайлы 2 өсімдікті таңда және неліктен таңдағаныңды түсіндір.
  2. Егер осы өсімдіктердің көбею процесі дұрыс жүргізілсе, мектеп ауласына қандай пайдасы болады?
Жауабың: _______________
Made on
Tilda