Табиғатта жыныссыз көбеюдің кең таралған жолы спора тузілу болып табылады. Спора бұл сырты қалың қабықшалармен қапталған жасушалардың ерекше түрі. Олар ұзақ уакыт тыныштық күйде болып, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан (суық, ыстық, құрғақшылық, мол ылғалдылык) өздерінің тіршілігін сақтап қалады.