Әрбір өсімдік пен жануарлар түрлеріне тұрақты хромосома саны тән.
Организмдерде жасушалардың екі категориясын ажыратады: соматикалық және жыныс (гаметалар). Соматикалық жасушалар барлық ұлпалар мен мүшелердің кұрамына енеді. Олардың ядроларында диплоидті (грек. ди- екі) екі еселенген хромосомалар жиынтығы болады . Ал жыныс жасушаларының ядросында (гамета) хромосомалар жиынтығы екі есе аз. Яғни жалғыз гаплоидті хромосомалар (грек. гаплос жалғыз) болады. Егер орамжапырақтың диплоидті жиынтығы 18 хромосома болса, онда гаплоидті жиынтығы 9 хромосома.