Бұл түрдің негізгі белгілерінің бірі болып табылады. Бір ядроның хромосомалары хромосомалар жиынтығын түзеді. Жасуша ядросындағы хромосомалар жұп түзеді, жұп хромосомалардың сыртқы және ішкі құрылысы бірдей болады. Мысалы, адамда 46 хромосома 23 жұп түзеді. Бір жұпта екі бірдей хромосома болады. Ол хромосомалардың біреуі ұрықтану кезінде анасынан, екіншісі әкесінен келген, оларды гомологты хромосомалар деп атайды. Олай болса, адамда 23 жұп гомологты хромосомалар бар.