§52. Хромосомалардағы ДНҚ – генетикалық материалдардың рөлі

Хромосома дегеніміз не?
Хромосома сыртынан нәруызбен жабылған
ДНҚ-дан тұрады, ал ДНҚ гендерден тұрады, ал гендердің организм белгілерін ата-аналарынан ұрпақтарына беретінін білеміз. Міне, бұл хромосомалардағы генетикалық материалдың рөлі болып табылады. ДНҚ бір-бірімен ерекше кұрылымдар арқылы байланысқан және өзара шиыршық-талған екі тізбектен тұрады.
Нәруыздың биохимиялық синтезіне қатысатын екі нуклеин қышқылы белгілі: ДНҚ (дезоксирибонукленн қышқылы) және РНҚ (рибонукленн қышқылы). Олардың көмегімен кез келген организмде, ұлпада, жасушада үздіксіз көп мөлшерде түрлі нәруыздар түзіледі. Сонымен қатар өте маңыздысы үнемі дәл осы организмде ғана болатын нәруыздар жасалады. Жасушада бірдей нәруыздардың моделін шығаратын машина жұмыс істейтін сияқты.
Тірі организмдердің әрбір түрінде оның тек өзіне тән ерекше ДНҚ-сы болады. Мысалы, егеуқұйрықтың ДНҚ-сы және сарышұнақтың ДНҚ-сы әртүрлі. Олардың жалпы дене пішіні ұқсас және молекулалар үйлесімдігі біркелкі болғанмен, химиялық құрамы бойынша олар бір-бірінен ерекшеленеді. Әрине, бұл түсінікті, себебі егеуқұйрық пен сарышұнақ екі бөлек организм және олардың нәруыздар (белгілер) жиынтығы да әртүрлі.
1-тапсырма: Ғылыми зерттеу және талдау
Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Мәтін:
Ғалымдар егіздердің ДНҚ құрылымын зерттеді. Бірдей ортада өмір сүретін біржұмыртқалы егіздердің сыртқы келбеті өте ұқсас, бірақ мінез-құлқы мен кейбір қабілеттері әртүрлі болады. Ал әртүрлі ортада өскен егіздердің айырмашылықтары айқын байқалады. Бұл олардың ДНҚ-сы ұқсас болғанымен, сыртқы орта факторларының әсер ететінін дәлелдейді.
Сұрақтар:
  1. Егіздердің сыртқы келбеті неге ұқсас болады?
  2. Олардың мінез-құлқының айырмашылығы неден туындауы мүмкін?
  3. Бұл зерттеу генетика мен қоршаған ортаның адам дамуына әсерін қалай түсіндіреді?

2-тапсырма: Шешім қабылдау және сыни ойлау
Жағдаят:
Ержанның отбасында барлық ер адамдар қоңыр көзді, ал оның анасы көк көзді. Ержан көк көзді болып туған.
Сұрақтар:
  1. Бұл жағдайды генетикалық тұрғыдан қалай түсіндіруге болады?
  2. Ержанның көк көзді болу ықтималдығы қандай заңдылықтарға негізделген?
  3. Егер Ержан болашақта қоңыр көзді адаммен отбасын құрса, олардың балаларының көз түсі қандай болуы мүмкін?
Дәптермен жұмыс.
Үлгіге қарап, тақырып бойынша ақыл картасын құрыңыз
Made on
Tilda