Генетикалық инженерия – бұл ДНҚ-ны өзгерту арқылы тірі ағзалардың қасиеттерін жақсарту немесе жаңа қасиеттер беру әдісі. Бұл әдіс медицинада, ауыл шаруашылығында, экологияда және өндірісте кеңінен қолданылады.
Тарихы
Алғашқы рет генотерапияны клиникалық практикада сәтті қолдану 1990 жылы АҚШ-та жүзеге асырылды. Гендік кемістікпен байланысты комбинациялық иммунодефициттен ауыр зардап шеккен балаға зақмдалмаған геннің көшірмесі енгізілді.
1965 жылы Г.Харрис ультракүлгін сәулесімен инактивацияланған, құрамында РНҚ болатын Сендай типті парагрипп вирусын жасуша қоспасына ендіргенде сомалық жасушалардың гибридизация жиілігінің тез арада артатынын анықтады.
1960 жылы Ж.Барский жануарлардың сомалық жасушаларында екі ата-ананың да жасушаларының генетикалық ақпаратты қосылып, бірігуге қабілетті екенін көрсетті.
1962 жылы Жд.Гердон Xenopus laevis амфибийлеріне жасаған тәжірибесінде, шөміш балықтардың ішек эпителий жасушаларынан алынған ядроны ядросы ультракүлгін сәулелерімен жойылған жұмыртқа жасушасына ендіргенде, толық дамыған даралардың пайда болатынын көрсетті.
Шығармашылық тапсырма
"Егер мен ғалым болсам, қандай гендік өзгерістер жасар едім?" тақырыбында эссе жазыңыз
Дұрыс жауап: 1. Қажетті генді анықтау және бөліп алу. 2. Генді векторға енгізу. 3. Рекомбинантты ДНҚ-ны қабылдаушы жасушаға енгізу. 4. Геннің экспрессиясын тексеру. 5. Генетикалық модификацияланған жасушаларды көбейту. 6. Өнімді алу және қолдану.