128-тақырып. гендік модификацияланған организмдерді қолданудың этикалық мәселелері (сұрақтары)
1.Адам денсаулығына әсері
  • ГМО өнімдерін ұзақ мерзімді тұтыну адам ағзасына қалай әсер етеді?
  • ГМО-ның жасырын жанама әсерлері болуы мүмкін бе?
2.Қоршаған ортаға ықпалы
  • Генетикалық модификацияланған өсімдіктер табиғи экожүйеге қандай қауіп төндіруі мүмкін?
  • ГМО дақылдары табиғи өсімдіктермен будандасып, биологиялық әртүрлілікке зиян тигізуі мүмкін бе?
3.Экономикалық және әлеуметтік мәселелер
  • ГМО тұқымдарын өндіруші ірі компаниялар фермерлерге экономикалық тәуелділік тудыра ма?
  • Кедей елдерде ГМО-ны қолдану азық-түлік қауіпсіздігін арттыра ма, әлде оларды тәуелді етеді ме?
4.ГМО және табиғи сұрыпталу
  • Генетикалық модификация табиғи эволюцияға қандай әсер етеді?
  • ГМО қолдану арқылы адамзат табиғи іріктелуге араласуы дұрыс па?
5.Гендік инженерияның болашағы
  • ГМО тек өсімдіктер мен жануарларға ғана емес, адамдарға да қолданылуы мүмкін бе?
  • Болашақта адамдар өздерінің ДНҚ-сын өзгертіп, мінсіз ұрпақ жасауға тырысса, бұл моральдық тұрғыдан дұрыс па?
"Ойлан, жұптас, бөліс"

ГМО-ны қолданудың бір пайдасы мен бір қауіпті тұсын дәптерге жазу.
  1. Жұппен талқылау.
  2. Топпен бөлісу.
Made on
Tilda