11-с. 58-тақырып

трофикалық деңгейлер
Бір организмдердің органикалық заттарында болатын энергияны басқа организмдер пайдаланады. Бір организмдердің екіншілерін қорек етуі нәтижесінде жинақталған энергияның автотрофтардан гетеротрофтарға тасымалдануы қоректік тізбек деп аталады.
Дәптермен жұмыс
"Ойшылдың кілттері"
1. Шығармашылық кілті ("Егер...")
Егер экожүйеде трофикалық деңгейлер болмағанда, табиғат қалай өзгерер еді?
Егер редуценттер саны күрт көбейсе, экожүйеде не болар еді?

2. Керісінше ойлау кілті
Егер энергия төменнен жоғары емес, керісінше жоғарыдан төмен таралса, экологиялық жүйе қалай жұмыс істейтін еді?
Егер барлық тіршілік иелері автотрофты (өздігінен қорек өндіретін) болса, табиғаттағы тепе-теңдік қандай болар еді?

3. Аналогия кілті
Экожүйедегі трофикалық деңгейлерді мектеп жүйесімен салыстырыңыз. Әр деңгейге қай рөл сәйкес келеді?

4. Өзгерту кілті
Егер трофикалық пирамиданың құрылымын өзгерту керек болса, оны қалай өзгертер едіңіз?

5. Комбинация кілті
Табиғаттағы трофикалық деңгейлерді адамның тамақтану пирамидасымен байланыстырып, ортақ тұстарын анықтаңыз.

6. Жою кілті
Егер экологиялық пирамиданың бір түрін (мысалы, энергия пирамидасын) алып тастаса, табиғат қалай өзгерер еді?

7. Қиялдау кілті
Болашақта трофикалық пирамидалар қалай өзгеруі мүмкін?
Ғарыштағы немесе басқа планетадағы экологиялық пирамида қандай болар еді?
Made on
Tilda