§48. Адамда белгілердің тұқым қуалауындағы гендер мен ДНҚ рөлі. Жүре пайда болған және тұқым қуалайтын белгілер
Тұқымқуалаушылық және өзгергіштік - барлық тірі ағзаларға тән жалпы қасиет. Тұқымқуалаушылық - ағзалардың өз ататегіне ұқсау қабілеті.
Өзгергіштік - ағзалардың өз ататегінен ерекшелену қасиеті. Бұл қасиет бүкіл тіршілік формасына тән. Ол - ұсақ біржасушалы бактериялардан бастап, жоғары құрылымды жануарлар мен гүлді өсімдіктермен аяқталады.

ДНҚ - нуклеин қышқылы. ДНҚ - тұқымқуалаушылық заты. Осы күрделі органикалық заттың толық атауы - дезоксирибонук- леинді қышқылы. ДНҚ молекуласы өте үлкен және құрылысы күрделі

ДНҚ молекуласының құрылысы, химиялық құрамы мен соған байланысты қасиеті өте күрделі. Оны түсіну үшін химия және физика саласын білу керек. Қазір ДНҚ-ға қатысты бірнеше қағиданы анықтап алу керек.
  • 1. ДНҚ - кез келген тірі жасуша құрамында міндетті түрде болатын химиялық зат.
    2. ДНҚ (және соған үқсас зат - РНҚ) тіршіліктің жасушасыз формасы - вирустарда да бар.
    3. ДНҚ-да ағзаның бүкіл тұқымқуалау ақпараты жазылған. Егер бұл көпжасушалы ағза болса, мысалы, піл немесе емен болса, оның барлық жасушасында бірдей ДНҚ молынан болады. Ол тамыр, жапырақ немесе сабақ жасушалары болса да бәрібір.
    4. Ағзалар неғұрлым жақын туыс болса, олардың ДНҚ молекуласының құрамы соғұрлым үқсас. Бірақ бір түр және жақын туыс ағзаларда ДНҚ абсолютті түрде бірдей емес.
  • Тұқым қуалайтын өзгерістер
    5. ДНҚ тұқымқуалау ақпаратын сақтап қана қоймайды, оны көбейген кезде келесі ұрпаққа тасымалдайды. Бір жасуша немесе тұтас ағза көбейе ме, бәрібір. ДНҚ-сыз көбею мүмкін емес.
    6. ДНҚ өздігінен екі еселенеді өзін-өзі көшіре алады . Осы үдеріске байланысты ағзада ДНҚ ешқашан таусылмайды. Әрбір көбею алдында ДНҚ-ның жаңа үлесі бар молекуланың дәл көшірмесі түзіледі. Олар түзіліп жатқан жасуша немесе ағзалардың келесі ұрпағына беріледі.
    7. ДНҚ молекуласы өзгеруі мүмкін. Мүндай өзгерістер мутация деп аталады. Егер өзгерсе, онда қандай да бір тұқымқуалаушылық қасиеті өзгереді.
    8. ДНҚ - химиялық зат. Олар түқымқуалауға жауап беретін құрылымдар денешіктерден тұрады. Бұл - жасуша ядросында, ал бактерияларда цитоплазмада болатын хромосомалар.
1-тапсырма. Мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Ағайынды екі бала – Данияр мен Әлидің сыртқы келбеті өте ұқсас, бірақ олардың спорттық қабілеттері әртүрлі. Данияр бала кезінен жүзумен айналысып, бұлшық еттері жақсы дамыған, ал Әли шахматқа қызығады және оның дене бітімі орташа. Ғалымдар адам бойындағы кейбір қасиеттердің тұқым қуалайтынын, ал кейбіреулері өмір салтына байланысты өзгеретінін дәлелдеген.

Сұрақтар:
  1. Данияр мен Әлидің айырмашылықтары қандай өзгерістерге жатады?
  2. Егер Данияр жүзуді тоқтатса, оның дене бітімінде қандай өзгерістер болуы мүмкін?
  3. Адамда тұқым қуалайтын және тұқым қуаламайтын белгілерді қалай ажыратуға болады?
Made on
Tilda