§49. ДНҚ, гендер және хромосомалар, олардың құрылымы

ДНҚ молекуласының нәруыз молекуласын синтездеуге негіз болатын бөлігі ген деп аталады. Әр ДНҚ молекуласында көптеген әртүрлі гендер болады. Ген бұл тұқым қуалау факторы, генетикалық материалдың бөлінбейтін бірлігі, ДНҚ молекуласының бөлігі. Сондыктан ДНҚ-ның тұқым қуалау факторларын белгілерді тасымалдаушы немесе таратушы деп атайды. Гендер организмнің тұқым қуалайтын белгілерін ата-аналарынан ұрпақтарына нәруыздар түрінде береді.
Хромосомадағы ген саны орасан көп. Адамда барлығы 46 хромосома бар, ал ағзада шамамен миллион нәруыз бар. Әрбір ген ағзада екі данадан болады - біреуі әкеден, біреуі шешеден берілген. Сонда 23 хромосомада миллионнан астам ген бар. Адамның барлық хромосомалары өлшемі мен пішіні бойынша бірдей емес. Сонда да бір хромосомада көптеген ген бар. Кейде генетик ғалымдар: «бір ген - бір белгі», - деп айтады.
Made on
Tilda