Мутация дегеніміз - қандай да бір белгіге әсер ететін генетикалық материалдардың аяқ астынан өзгеруі.
Ата-бабасында болмаған мүлде жаңа қасиетке ие болу үшін мутация жүруі керек. Генетикалық материалдар дегеніміз не? Әрине, ДНҚ, одан тұратын гендер мен хромосомалар.Ол қалай өзгереді? Ол өзгере алады екен. Бұл құбылыс көбінесе радиация, химиялық заттар өрісі, рентген сәулесі т.б. әсер еткен кезде болады. Табиғи факторлардың әсерінен пайда болатын мутациялар қоршаған орта әсерінен пайда болатын тұқым куалайтын белгілерге мысал болады.