Вегетативті көбею сипаттамасы. Вегетативті көбею жыныссыз көбеюдің бір түрі. Бұл әдісте ағзалар өз денесінің бөлігі немесе жеке мүшелері арқылы көбейеді. Аналық ағзасынан бөлінген, келесі тірі ағзаға бастама беретін бөліктер маманданбаған. Оларда қандай да бір ерекше құрылым болмайды, яғни көбеюге дайындық жүрмеген.