§55. Гүлді өсімдіктердегі қосарлы ұрықтану ерекшеліктері
Гүл тозаңданғаннан кейін ұрықтану басталады. Ұрықтану бұл екі жыныс жасуша-гаметалардың (аталық және аналық) қосылу процесі. Гүлді өсімдіктерде аталық гамета спермийлер өте майда, аналық гамета жұмыртқа жасуша анағұрлым ірілеу болады.
Әрбір аталық екі бөліктен: аталық жіпшесі мен тозаңдықтан тұрады. Аталық жіпшесі тозаңдықты оңтайлы биіктікте көтеріп түрады. Тозаңдықта жүз мыңдаған тозаңнан тұратын тозаң түзіледі. Әрбір тозаң түйіршекте аталық жасушалар болады, олардан гаметалар спермийлер немесе сперматозоидтер түзіледі.
Аналығы үш бөліктен: аналық аузы, мойын мен түйіннен тұрады. Аналық аузы тозаң тұтатын орын. Оның аузы аталық жыныс жасушасы бар тозаң қонатын орын қызметін атқарады деп айтуға болады. Аналық аузының құрылысы тозаңдану үдерісін жеңілдетеді. Аналықтың кеңейген төменгі бөлігі түйін. Аналық түйінінің ішінде аналық гамета жұмыртқа жасушасы түзіледі.
Дәптермен жұмыс
Made on
Tilda