§58. өсімдік онтогенезінің кезеңдері
Тұқымда өсімдіктердің барлық онтогенезі, жануарлардағы онтогенез сияқты эмбриогенез және постэмбриогенез деп бөлуге болады. Тұқым арқылы көбею кезінде эмбриогенез жұмыртқа жасушаның сұрыптану сәтімен байланысты. Өсімдіктер эмбриогенезі тұқым ұрығы өскен сәтте аяқталады. Дәстүрлі түрде өсімдіктер онтогенезін 4-5 кезеңге бөлуге болады
Өсімдік онтогенезінің кезеңдері
Эмбриогенез
ұрықтану нәтижесінде зиготадан бастап, тұқым ішіндегі ұрықтың дамып, негізгі бөліктерінің (тамырша, сабақша, жапырақша) қалыптасуына дейінгі кезең. Бұл – тұқым ішінде жүретін процесс.
Постоэмбриогенез
тұқым өскін бергеннен кейінгі кезең. Бұл кезде ұрықтан шыққан өскін сыртқы ортада дамып, ересек өсімдікке айналады. Өсімдік тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс сияқты мүшелерін дамытады және көбеюге қабілетті болады.
Постэмбриогенез кезеңдері
  • Өсу және жас өсімдік сатысы

    Өскіннің қалыптасқаннан кейін, толыққанды вегетативті мүшелердің (жапырақтар, сабақтар, тамырлар) дамып жетілу кезеңі. Бұл кезеңде өсімдік әлі көбеюге дайын емес

  • Ересек өсімдік

    Өсімдік жынысты жетілуге жетіп, гүлдеу, тозаңдану және тұқым түзу қабілетіне ие болады. Қоректік заттардың көп бөлігі көбеюге бағытталады

  • Қартаю сатысы

    Өсімдік тіршілігінің соңғы кезеңі. Бұл кезде жасушалардың бөлінуі баяулап, мүшелер қартаяды, фотосинтез төмендейді, өсімдік біртіндеп қурап, тіршілігін тоқтатады
Дәптермен жұмыс
1. «Диханшы кеңесі». Фермер Әсет бидай өсіруді бастады. Ол өсімдіктің өсу кезеңдерін дұрыс басқару арқылы мол өнім алғысы келеді.

Тапсырма:
  1. Өсімдіктің онтогенез кезеңдерін ата және олардың әрқайсысында өсімдік қалай өзгереді?
  2. Егер өсімдіктің өсу кезеңінде судың жетіспеушілігі болса, оның дамуына қандай әсері болады?
  3. Фермерге егістікті дұрыс күтіп-баптау үшін қандай кеңес берер едің?


2. «Гүлденуден жеміске дейін»
Айжан бақшада алма ағашының гүлдеп тұрғанын байқады. Бірнеше айдан кейін сол жерден кішкентай алмалар көрінді.

Тапсырма:
  1. Бұл процесті өсімдіктің онтогенез кезеңдерімен сәйкестендір.
  2. Егер өсімдік гүлдену кезеңіне жетпесе, қандай себептер әсер етуі мүмкін?
  3. Ағаштың жеміс беруін жақсарту үшін қандай агротехникалық әдістер қолдануға болады?

3. «Экологиялық өзгерістер және өсімдіктердің дамуы»
Климаттың өзгеруі өсімдіктердің онтогенезіне әсер етеді. Соңғы жылдары көктем кеш шығып, жаз ерте аяқталады.

Тапсырма:
  1. Егер жаз мезгілі қысқарса, өсімдіктердің онтогенездік дамуы қалай өзгереді?
  2. Қандай өсімдіктер экологиялық өзгерістерге төзімді, ал қайсысы керісінше тез әсер алады?
  3. Климаттың өзгеруі ауыл шаруашылығына қалай әсер етеді және оның алдын алу үшін қандай шаралар қолдануға болады?
Made on
Tilda