§59. Өсімдіктің өсуі
Өсімдіктің өсу ерекшелігі. Өсімдіктің өсуінің онтогенез сияқты өз ерекшеліктері болады. Тіршілік циклінің фазасында генеративті саты алдында өсімдіктерде ең қарқынды өсу жүреді. Жынысты көбею басталғанда вегетативті мүшелердің өсуі жалпы баяулайды.



Өсімдіктің өсу қарқындылығы тіршілік үшін қажет көптеген жағдаиларға байланысты болады. Жарық, су, және топырақтағы пайдалы элементтер жеткіліксіз болғанда өсімдіктің өсуі бәсеңдейді.

Өсімдіктің өсу ерекшелігі


Фактор / Құбылыс

Қысқаша сипаттамасы

1

Өсу қарқыны жоғары кезең

Генеративті сатыға дейін (гүлдеуге дейін)

2

Жынысты көбею кезеңіндегі өсу

Қоректік заттар жеміс пен тұқым түзуге жұмсалады, вегетативті өсу баяулайды

3

Маусымдық өсу ерекшелігі (Солтүстік)

Көктем-жазда қарқынды өсу, күз-қыс айларында тыныштық күйі

4

Өсуге әсер ететін факторлар

Температура, су, жарық, топырақтағы қоректік элементтер

5

Температуралық оптимум

25°С–35°С

6

Су тапшылығының әсері

Жасушалар ұсақ болады, созылмайды, өсу баяулайды



Дәптермен жұмыс
Мәнмәтін: Айгүл терезе алдына екі бірдей бөлме гүлін қойды. Бірін күн сәулесі түсетін терезе алдына, екіншісін көлеңкелі бұрышқа орналастырды. Ол аптасына екі рет су құйып, екі апта бойы өсімдіктердің өсуін бақылады. Екі аптадан кейін күн жақтағы өсімдіктің бойы 18 см-ге жетті, ал көлеңкедегі гүлдің бойы 9 см ғана болды. Сонымен қатар, күн жақтағы өсімдіктің жапырақтары үлкен әрі жасыл болды, ал көлеңкедегі өсімдіктің жапырақтары бозғылт және кішірек еді.


Сұрақтар:
а) Айгүлдің тәжірибесінде қандай өзгерістер байқалды?
ә) Өсімдіктердің өсуіне қандай фактор әсер етті?
б) Екі гүлдің өсуіндегі айырмашылықты қалай түсіндіресің?


Айгүлдің бақылауына сүйене отырып, өсімдіктің өсуіне жарықтың әсері туралы қандай қорытынды жасауға болады?
Өзің тұратын жерде (үй, мектеп, ауыл) өсімдіктердің жақсы өсуі үшін қандай жағдайлар жасау керек деп ойлайсың?
2 нақты ұсыныс жаз.
Made on
Tilda