§56. Ағзалардың жеке даму түсінігі
Онтогенез ағзаның туған сәтінен бастап, тіршілігін жойғанға дейінгі жеке дамуы. Адам үшін онтогенез ұрықтану, яғни кейін ұрық дамитын зиготаның пайда болуынан басталады. Онтогенез үдерісін эмбриогенез және постэмбриогенез деп үлкен 2 кезеңге бөлуге болады.
Организмнің дамуына ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.
Постэмбриогенез

Постэмбриогенез бұл туғаннан кейін даму. Адам постэмбриогенезі қандай кезеңге бөлінетінін білесіңдер.

Эмбриогенез
Эмбриогенез бұл көптеген омыртқасыздарда, балықтар мен қосмекенділерде эмбрионының немесе дернәсілдерінің дамуы. Тірі туатындар үшін эмбриогенез туумен аяқталады; жорғалаушыларда, құстарда және жұмыртқа салатын сүтқоректілерде жұмыртқа жарып шығуы; гүлді өсімдіктер үшін тұқымның өнуі.
Дәптермен жұмыс
1. «Фермердің таңдауы»
Фермер Алмас жеміс ағаштарын отырғызуды жоспарлап отыр. Ол екі түрлі әдісті қарастырып жатыр:
  • Дайын көшеттер отырғызу
  • Тұқымнан өсіру

Тапсырма:
  1. Қай әдіс ағаштың тез өсуіне ықпал етеді? Неліктен?
  2. Егер фермер ағаштардың жылдам жеміс беруін қаласа, қандай әдісті таңдағаны дұрыс?
  3. Өсу мен дамуды жылдамдату үшін фермер қандай шаралар қолдануы керек?


2. «Балапан мен бұзаудың дамуы»
Балапан жұмыртқадан шығып, бірнеше айда ересек болады, ал бұзау туылған соң бірнеше жыл бойы өсіп, дамиды.

Тапсырма:
  1. Балапан мен бұзаудың өсу қарқыны неге әртүрлі?
  2. Қандай факторлар жануарлардың өсуі мен дамуына әсер етеді?
  3. Егер жануарларға қажетті қорек жетіспесе, олардың дамуына қандай әсері болады?


3. «Адам ағзасының дамуы»
Дәрігер балалар мен жасөспірімдердің дұрыс өсуі үшін дәрумендер мен пайдалы тағамдарды жеу керектігін айтады. Бірақ кейбір балалар фастфуд пен газдалған сусындарды көп тұтынады.
Тапсырма:
  1. Ағзаның дұрыс өсуі үшін қандай қоректік заттар қажет?
  2. Дұрыс емес тамақтану өсу мен дамуға қалай әсер етеді?
  3. Егер бала дұрыс тамақтанса, оның денсаулығы мен болашағына қандай әсері болады?


Made on
Tilda