Тақырып: §54. НЕЛІКТЕН ЭКОЖҮЙЕНІҢ АУЫСУЫ ОРЫН АЛАДЫ
Экожүйе – тұрақты, өздігінен реттелетін жүйе екенін сен білесің. Кез келген жүйе үнемі даму үстінде болады. Онда әдетте сандық және сапалық ауысулар түріндегі өзгерістер орын алады. Осылайша экожүйенің даму үдерісінде ондағы қарапайым бірлестіктер түр құрамына бай, күрделі құрылымы бар әлдеқайда күрделілерімен араласып кетеді. Экожүйенің даму негізінде осы экожүйе биоценозының құрамына кіретін бірлестіктердің (өсімдік, жануар, саңырауқұлақ, микробиологиялық) ауысуы жатады. Мысалы, біршама уақыт ішінде өзенді шөп басып, батпақтанады, батпақ шалғынға, ал шалғын орманға айналады.

🔍 1-тапсырма: "Себебін тап!"Нұсқау: Төмендегі экожүйелердегі өзгерістерді оқып, олардың себебін анықта.

Экожүйедегі өзгеріс

Болу себебі

Орманда ағаштар азайып кетті

?

Өзендегі балықтар саны күрт төмендеді

?

Қала маңындағы сазды жерлер құрғап қалды

?

Оқушының жауабы: (әр қатарға өз жауабын жазады)

🌿 2-тапсырма: "Салыстыр және түсіндір"Нұсқау: Төмендегі екі жағдайды салыстыр және қай жағдайда экожүйе өзгермей сақталғанын анықта.
  • 1-мысал: Адамдар орманды кесіп, орнына зауыт салды.
  • 2-мысал: Ағаштар кесілген соң, сол жерге жаңа ағаштар отырғызылды.
Сұрақ: Қай жағдайда экожүйе көбірек өзгеріске ұшырайды? Неліктен?
Жауабыңды түсіндір:

🌎 3-тапсырма: "Болашақты болжа!"Нұсқау: Елді мекен маңындағы көлдің суы азайып барады. Адамдар жағасынан қоқыс шығарып, орманды кесіп жатыр.
Сұрақтар:
  1. Егер бұл әрекеттер жалғаса берсе, экожүйеде не өзгеруі мүмкін?
  2. Бұл өзгерістердің адам өміріне қандай әсері болуы мүмкін?
  3. Жауабың:
Made on
Tilda