Жер бетіндегі энергияның жалғыз көзі Күн. Автотрофтар (негізінен жасыл шөптер, көкжасыл балдырлар)
фотосинтез арқылы Күн энергиясын химиялық байланыстар энергиясына айналдырады. Олар басқа организмдер үшін органикалық заттар көзі болып табылады және гетеротрофтарды: І реттік консументтерді (өсімдікқоректі жануарлар) «қоректендіреді», олар ІІ реттік консументтер (жыртқыштар) үшін азық болады және т.б.