Тақырып: §56. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ПИРАМИДА ІШІНДЕ ЭНЕРГИЯ АЛМАСУ ҚАЛАЙ ІСКЕ АСЫРЫЛАДЫ
10 сарамандық жұмыс

1-тапсырма. Түсініктерге анықтама бер

Азықтық тізбек -

Продуценттер -

Консументтер -

Редуценттер -


2-тапсырма. Берілген тізімнен табиғатта арасында қоректік (азықтық) байланыс түзілуі мүмкін организмдер жұбын құр (организм атауын тек бір рет қана пайдалануға болады):


көкқұтан, үй қояны, жапалақ, торгай, шөп, бұғы, бақа, қасқыр, тышқан, тамыржемістілер

Мысалы: бақа көкқұтан.


3-тапсырма. Екі азықтық тізбек құр. Олардың барлығы өсімдіктерден (олардың бөліктерінен) немесе өлі органикалық қалдықтардан (детрит) басталуы тиіс. Бірінші жағдайда аралық буын жауынқұрт; екінші жағдайда бөлме шыбыны болады. Барлық азықтық тізбек адаммен аяқталуы тиіс. Тізбектің неғұрлым ұзын нұсқасын ұсын.



4-тапсырма. Төменде берілген организм топтары қай қоректік деңгейге жатады?

Автотрофтар, біржылдық шөптер, гетеротрофтар, қойлар, балықтар, дельфиндер, консументтер, аралар, бұталар, қасқырлар, микроорганизмдер.


5-тапсырма. Берілген тізімнен ІІ ретті консументтерге жатқызуға болатын жануардың атауын таңдап белгіле. Сұр егеуқұйрық, піл, жолбарыс, шаян, өрмекші, қасқыр, үй қояны, тышқан, шегіртке, қаршыға, теңіз шошқасы, қолтырауын, қаз, түлкі, алабұға, бөкен, кеңалқым жылан, дала тасбақасы, жүзім ұлуы, дельфин, колорадо қоңызы, кенгуру, қанқыз, ақ аю, балара, қансорғыш маса, инелік, біте, сұр акула.


6-тапсырма. Мүмкіндігінше көбірек буынмен, соңғысы балықжегіш аңдар болып табылатын қоректік тізбек құр (19-сызба). Балдырмен қоректенетін, салмағы 25 кг болатын кәмшаттың тіршілік етуі үшін қажетті балдыр массасын есепте. Экологиялық пирамида құр.

Made on
Tilda