§60. ӘР АЛУАН ЭКОЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫНА ҚАНДАЙ ОРГАНИЗМДЕР КІРЕДІ
Біздің ғаламшарды мекендейтін тіршілік иелері үшін алуан түрлі тіршілік ету ортасы бар. Полярлық мұзды суықтан сусыз шөл даланың аптап ыстығына дейін, ауа қысымы төмен биік таулы үстірттен күн сәулесі өте алмайтын көптеген километрге жететін теңіз түбіне дейін тіршілік кездеседі.


Тірі организмдердің өзара бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасы туралы ғылым – экология деп аталады.
Тропик орман жыл бойы өзгермейтін ыстық климаттың әсерінен пайда болды. Жауын-шашын жыл бойы көп түседі. Көлемді ағаштар дың түбінде қараңғы, ылғалды және таңғаларлық тұрақты микро климат түзіледі. Өсімдік жабыны өте бай. Ағаш, бұта, лианалар өте алуан түрлі. Жануар түрінің құрамы да әр алуан. Сүтқоректі, құстар, бауырымен жорғалаушылар мен қосмекенділердің тұяғы мықты, аяқ-қолдары мен құйрықтары жабысқыш болғандықтан ағашта жүретін түрінің саны өте көп.

Далалық жердің ерекшелігі – жауын-шашынның белгілі бір мау сымға тұстас келуі және жылдың басқа кезеңінде құрғақшылықтың басым болуы. Бұл ағаш сияқты өсімдіктердің дамуына кедергі келтіреді. Далалық жерде температура аса құбылмалы. Даланың өзіне тән қасиеті – орманы жоқ, шөптесін өсімдік жамылғысы бай ауқымды жазық жердің молдығы. Бетеге, селеу, қоңырбас, қоырот, сұлыбас және басқа шөптесіннің тығыз өсуі. Өсімдік үшін далалық жерде жылдың ең қолайлы уақыты – көктем мезгілі.

«Плюс-минус-қызықты» рефлексиялық экраны


«П» – «плюс» бағанына сабақта ұнағанның бәрін жаз, жағымды эмоция тудырған ақпарат және жұмыс түрі; неме се басқа пайдалы бірдеңе білген шығарсың.


«М» – «минус» бағанына сабақта не ұнамады, не нәрсе көңіліңді түсірді, түсініксіз болды, пайдасы жоқ деген ақпа көңіліңді түсірді, түсініксіз болды, пайдасы жоқ деген ақпаратты енгіз.


«Қ» – «қызықты» бағанына сабақта өзің білген барлық қызықты нәрселер туралы, осы мәселе туралы тағы не білгің келеді, мұғалімге сұрақтарыңды жаз.

Made on
Tilda