§61-62 ЕЛІМІЗДЕ ӨМІР СҮРУГЕ ҚОЛАЙСЫЗ ЖЕРЛЕР БАР МА

Тіршіліктің маңызды компоненті

Ең маңызды, қоршаған ортаның, табиғат пен биосфераның тіршілік үшін баға жетпес шынайы компоненті – су. Қазақстан Республикасында 85 мыңнан астам өзен мен уақытша ағын сулар бар. Оның ішінде 11,5 мыңы ұзындығы 10 км-ден асатын өзендер, 3447 көл, 4500 тоған және суқойма бар.

Ең ірі өзендер:
Ертіс
Есіл өзені — Қазақстан мен Ресей аумағымен ағатын өзен. Оның ұзындығы шамамен 2 450 километрді құрайды. Өзен Сарыарқаның солтүстік-шығысынан бастау алып, Ертіс өзеніне құяды. Есіл өзенінің бойында Қазақстанның астанасы — Астана қаласы орналасқан.
Жайық
Ресейдің Орал тауларынан басталып, Каспий теңізіне құяды. Ұзындығы 2 428 километрге жуық. Жайық Қазақстанның Батыс Қазақстан және Атырау облыстары арқылы ағып өтеді. Бұл өзен — оңтүстіктен солтүстікке қарай ағатын әлемдегі сирек өзендердің бірі.
Есіл
Обь өзенінің ең ірі саласы. Ол Қытайдың Алтай тауларынан бастау алады да, Қазақстан мен Ресей арқылы өтіп, Сібірдің тереңіне қарай ағады. Ертіс өзенінің ұзындығы 4 248 километр. Өзен бойында Семей мен Павлодар сияқты ірі қалалар орналасқан.
Тобыл
Ертістің оң саласы болып табылады. Ол да Қазақстан мен Ресей аумағында ағады. Ұзындығы 1 591 километр шамасында. Қазақстандағы Қостанай қаласы Тобыл өзенінің бойында орналасқан.
Суды негізгі ластаушылар өнеркәсіп және ауылшаруашылығы болып табылады. Сонымен қатар судың сапасына ауылшаруашылығына пайдаланылған жерден шайылған улы химикаттар мен тыңайтқыш тәрізді ластаушылар әсерін тигізеді.

Қазақстанда ылғалдандыру жеткіліксіз және тұрақты емес аймақтар көп. Осындай аймақтарда суармалы жердің аумағын ұлғайтуға қатысты жүргізілетін шаралар жер бетіндегі судың сапасы мен көлеміне жағымсыз әсер етеді.

Айтарлықтай су тапшылығы еліміздің батысы мен оңтүс тігінде байқалады. Негізгі су тұтынушылар – суармалы егін шаруа шылығы (72%), өнеркәсіп (29%) және коммуналдық шаруашылық (6,0%). Суармалы егіншаруашылығында судың 1,5–2 есе артық шығыны байқалады.
Семей ядролық сынақ полигонында 40 жыл бойы ядролық қаруға жүргізілген сынақ адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға орны толмас зиянын тигізді, халықтың науқасқа шалдығуы мен өлім-жітімнің жалпы санын арттырды. Семей және оған іргелес жатқан Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облысыны аудандары экологиялы апат аймағы ретінде танылды.

Made on
Tilda