11-сынып. 64-тақырып

СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ЖӘНЕ ЖОЙЫЛЫП БАРА ЖАТҚАН ӨСІМДІКТЕР МЕН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІН ҚОРҒАУ
Табиғатты қорғау шаралары
  • Қорықтар
    Аумағында жартылай немесе толықтай шаруашылық жүргізуге тыйым салынады. Тек қауіпсіздік қызметкерлері мен зерттеушілердің келуіне рұқсат етіледі
  • Қорықшалар
    "Жеңіл" қорғау формасында іс-әрекеттің бір түріне ғана рұқсат беріледі, мысалы, ауылшаруашылығы. Ал басқа түрлеріне аң аулау, балық аулау, ағаш дайындау әрекеттеріне тыйым салынады.
  • Хайуанаттар бағы мен ботаникалық бақтар
    Жойылып бара жатқан түрлерді еріксіз жағдайында (қолда) өсіріп, көбейген түрін қайтадан табиғи ортаға жіберу

Неғұрлым үлкен, түрлерге бай экожүйелерді сақтаған жөн, себебі оның құрамындағы барлық түрлер сақталады. Аумағында жартылай немесе толықтай шаруашылық жүргізуге тыйым салынады. Тек қауіпсіздік қызметкерлері мен зерттеушілердің келуіне рұқсат етілетін аймақтар құру тіршіліктің түрлік алуантүрлілігін сақтау үшін күресте басты жол болып табылады. Мұндай аумақтар қорықтар деп аталады.


Шаруашылыққа шектеулі түрде пайдаланылатын аумақтар қорықша деп аталады. Мұндай аумақтарды "жеңіл" қорғау формасында іс-өрекеттің бір түріне ғана рұқсат беріледі, мысалы, ауылшаруашылығы, ал басқа түрлеріне аң аулау, балық аулау, ағаш дайындау әрекеттеріне тыйым салынады.

Криобиология деген не?
ХХ ғасырдың басында техникада қайнау температурасы өте төмен сұйытылған газдарды алуды үйренгеннен кейін көп ұзамай, құрғатуға бейімделген көптеген өсімдіктердің тұқымдары жөне тіпті баяужүргіштер сияқты кейбір жануарларды сұйық азотта 196°С температурада қатырғанда, тіршілік қабілеттілігін жоғалтпайтыны анықталды. Биологияның жаңа саласы тірі жасушаларға, ұлпалар мен организмдерге төмен жөне өте төмен температуралардың әсерін зерттейтін криобиология пайда болды.
1980 жылдан бастап сирек кездесетін жөне жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктердің генетикалық материалдарын сақтау үшін криоконсервация әдісін қолдану бойынша жұмыстар басталды.

Енді генетикалық криобанктерде жануарлардың көптеген түрлерінің спермасын, ұрықтарын жөне мұздатылған дақылдар түріндегі кейбір соматикалық (дене) жасушаларды, өсімдіктердің көптеген түрлерінің
тұқымын сақтауға болады.
Қазақстанда сирек кездесетін жануарлар
  • Гепард

  • Қызыл Қасқыр

  • Түркістан шағыл мысығы

  • Сабаншы

Қазақстанда тіркелген 3 сирек кездесетін жануар мен 2 сирек өсімдік туралы шағын мәлімет жина:
  • Ғылыми атауы
  • Мекен ету ортасы
  • Неліктен сирек кездесетіні
  • Қорғау шаралары
Made on
Tilda