11-сынып. 66-тақырып

ЖЕРГІЛІКТІ ЭКОЖҮЙЕНІҢ АЛУАНТҮРЛІЛІГІН АНЫҚТАУДА КЕЗДЕЙСОҚ ІРІКТЕУ ӘДІСІНІҢ МАҢЫызы

Биологиялық алуантүрлілік жер беті, теңіз т.б. су экожүйелері мен экологиялық кешендерінің бір бөлігі болып табылатын тірі организмдердің өзгергіштігі; бұл түсінік өзіне түрлер аясында, түр арасындағы алуантүрлілік пен экожүйе алуантүрлілігін қосады.

Антүрліліктің түрлері
Альфа-алуантүрлілік
қауымдастықтың ішіндегі алуантүрлілік
Бета-алуантүрлілік
қауымдастық арасындағы алуантүрлілік
Гамма-алуантүрлілік
ортаның градиенттері бойынша жүйелердің алуантүрлілігі
Биоалуантүрлілікті қорғау саласындағы міндеттер:

Басқару - мемлекеттік және коммерциялық мекемелерді, армия мен флотты, мемлекеттік емес бірлестіктерді, жергілікті халықты жөне бүкіл жұртшылықты бірлесе табиғатты қорғауға тарту жолымен ынтымақтастық құру.
Заңдық - биоалуантүрлілікпен байланысты анықтамалар мен ұғымдарды барлық сәйкес заңды құжаттарға қосу, биоалуантүрлілікті сақтауға құқықтық қолдау жасay.
Ғылыми - шешімдер қабылдау процедураларын шешім қабылдау рәсімдерін формалдау, биоалуантүрлілік индикаторларын іздеу, биоалуантүрлілік кадастрларын құру, мониторинг ұйымдастыру.
Білім беру - биоалуантүрлілікті қорғау саласында мамандарды оқыту жөне дайындау мақсатында қоршаған ортаны қорғау жөне эволюциялық биология саласындағы озық білімге негізделген бағдарламалар әзірлеу және іске асыру.
Экологиялық білімді көтеру - халыққа экологиялық білім беру, биосфераның маңызды бөлігі ретінде биоалуантүрлілікті қорғау идея-ларын тарату.
Made on
Tilda