Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын бактериялар мен саңырауқұлақтар ыдыратып, өз қорегіне пайдаланады. Оларды ағзаны ыдыратушылар (редуценттер) деп атайды. Олай болса, шөл экожүйесінде ағзалардың өндіруші, тұтынушы, ыдыратушы дейтін үш тізбегі бар.